Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға ескерту жасаған полиция қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Наша Газета» басылымының мәліметінше, оқиға қала аумағында болған. Полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта балаларымен бірге жүрген кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған топты байқап, оларға ескерту жасаған. Алайда мас күйдегі азаматтар агрессия танытып, тәртіп сақшысына қарсы күш қолданған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, шабуылдаушылар полицейді балалардың көзінше жабылып ұрған. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, барлық күдіктіні оқиға орнында ұстаған.
Аталған дерек бойынша билік өкіліне күш қолдану фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкеріне қол сұғу – заңды өрескел бұзу, мұндай әрекеттерге қатаң шара қолданылады, — делінген хабарламада.
