Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 9 сәуірде Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, сондай-ақ түнде батыс пен солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Ал солтүстік-батыста жауын-шашын аралас (жаңбыр мен қар) болуы мүмкін.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ болжанып отыр.
Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қарағанды және Абай облыстарының кей аумақтарында өрт қаупі жоғары деңгейде.
Ірі қалалардағы ауа райы:
– Астана: жаңбыр, +5…+7°C түнде, +15…+17°C күндіз;
– Алматы: өткінші жаңбыр, найзағай, +10…+12°C / +14…+16°C;
– Шымкент: жауын-шашынсыз, +8…+10°C / +18…+20°C;
– Ақтау: тұман, жауынсыз, +6…+8°C / +13…+15°C;
– Атырау: жаңбыр, найзағай, +5…+7°C / +11…+13°C.
Синоптиктер ауа райының құбылуына байланысты тұрғындарға сақ болуды, әсіресе жолда және ашық алаңда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
