Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Мұғалімдерге пәндік тестілеу болмайды. Педагогтар бұған не үшін қарсы болып отыр?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Кейбір педагогтар мұғалімнің пәндік білімін бағалау тестін тоқтату шешіміне қарсы болып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Елімізде мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтайды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл жаңалықты Insragram мен Тhreads әлеуметтік парақшасында мәлімдеді. Бұл мұғалімдер үшін жақсы жаңалық болуы керек еді, алайда кейбір педагогтар бұл тиімсіз шешім екенін айтып, қарсы болып жатыр. 

Мысалы, бір жылын авторлық бағдарламаға арнап, дайындалған мұғалім «Еңбек қайда қалды?» деп пікір жазды.

Instagram скрині
Фото: Instagram

Тағы бір мұғалім тестен өтіп, портфолио жинақтап болған сәтте министрліктің мұндай шешім қабылдағанына қынжылып отыр. Мұғалімнің сөзіне қарағанда, өзгеріс болған сайын түсініксіз қағаз көбейеді.

Insragram скрині
Фото: Insragram

Ұстаздар жаңа санат алу мен үстемақы мәселесіне алаңдап отыр

Аттестацияға құжат дайындап, тесттен өткен педагогтардың нәтижесін неге тоқтаттыңыздар? Процесті тоқтату — барлық талапты орындаған ұстаздарға қатысты әділетсіз шешім, — дейді бір мұғалім.

Іnstagram скрині
Фото: Іnstagram

Енді «Жаңа санат алу үшін тағы бір жыл күту керек пе?» деп алаңдап отыр. Мұғалімнің пікіріне қарағанда, тіркелгендердің тестті тапсырып шығуын күтіп, содан соң шешім шығаруы керек еді.

threads скрині
Фото: Тhreads

Тесттен өткен мұғалім не істейді?

«Тесттен өткендерге не болады?» деген сұраққа министр «Бағаланады» деп жауап берген. Алайда санат мәселесін егжей-тегжей жазбады.

threads скрині
Фото: Тhreads
threads скрині
Фото: Тhreads

Мұғалімдер 2019 жылдан бері тест тапсырып келеді

2019 жылғы желтоқсанда «Педагог мәртебесі туралы» заң бойынша, педагогтардың білімін бағалау жүйесі енді. Жыл сайын білік санатын көтеру үшін тест өтеді. Санат модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер деп бөлінеді. Тест нәтижесі мен санат деңгейі мұғалімнің жалақысына тікелей әсер етеді.

Енді пәндік білімін бағалау тестінің орнын не басады? Осы тестіден өтуге қыркүйектен бері дайындалып жүрген мұғалімдер не істейді? Baribar.kz редакциясы оқу-ағарту министрлігіне ресми сауал жолдады.