Не болды?
Бішкектегі сот баланы саудаға салғаны мен балалар порнографиясын жасап, таратқаны үшін Қазақстан азаматын соттап жіберді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қырғызстан ҰҚК ақпаратына қарағанда, Қазақстанда тұратын А.А. деген әйел А.Б. деген Израил азаматымен келісіп, Қырғызстанда тұратын С.С. деген азаматтан үш бала сатып алған. Бұл үшін олар Қырғызстан азаматына ақша беріп қана қоймай, мүлік те сыйлаған.
Сосын балаларды жалаңаштап, денесін, әсіресе интим аймағын көбірек суретке түсірген. Кейін суреттерді шетелдегі қолданушыларға таратқан.
Оған қоса осы қылмыс тобы Қырғызстанда тұратын Д.К. деген әйелдің екі баласын толық қамқор болуға рұқсат алған. Оларға әлгіндей бұзықтық көрсеткен, — делінген хабарламада.
2024 жылғы қыркүйекте қылмыскерлер Қырғызстан ҰҚК тергеу изоляторына жіберілді. Іс қылмыстық кодекстің 167-бабы («бала саудасы») бойынша өтті.
2026 жылғы 12 наурызда Бішкек қаласының Первомай аудандық соты екі қылмыскерді де жазаға тартты. Қазақстан азаматы 12 жыл, Қырғызстан азаматы 11 жыл бас бостандығынан айырылды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қаскелеңде ер адам баланы алып кетпекші болған.
