122 нысан: Қазақстанда жол құрылысы басталды

Не болды?

Қазақстанда ауқымды жол құрылысы басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің мәліметіне қарағанда, республикалық маңызы бар авто жолдарда, жалпы 122 нысанда құрылыс жұмысы жүреді. Оның ішінде 73 нысанның құрылысы былтыр басталған, ал жаңа нысан саны — 49.

Орташа жөндеу жұмысы:

  • Жезқазған — Петропавл;
  • Алматы — Шелек — Қорғас;
  • Атырау — Орал;
  • Астана — Ерейментау — Шідерті бағытында жоспарланған.

Қазір еліміздің оңтүстік пен батыс өңірінде жол жөнделіп жатыр. Солтүстік аймақта жол құрылысы ауа райы тұрақталған соң басталады, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астананың бірнеше көшесінде жол жөндеу жұмысы басталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да