Астанада жол құрылысы басталды. Қай көшелер жабылады?

Не болды?

Астана әкімдігінің мәліметіне қарағанда, инфрақұрылым жобаларын іске асыру үшін  құрылыс пен жөндеу жұмысы басталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы

4 сәуірден 4 мамырға дейін, яғни, бір ай бойы Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол жабыны жөнделеді. Жол қозғалысы ішінара шектеледі.

Е68 көшесі, А. Бектұров пен Төле би көшесінің аралығы

5 сәуірі мен маусым айы аралығында Е68 көшесінің А. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейін құрылыс жасалады. Сондықтан автокөлік қозғалысы толық тоқтайды.

Б. Соқпақбаев, Ш. Бейсекова мен К. Күмісбеков көшесі

Б. Соқпақбаев көшесінің Ш. Бейсекова көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аумақта жол жөнделеді. Бұл көшелер 5 сәуірден бастап қараша айына дейін жабылады.

Жаңа көше құрылысы

Абайдың 150 жылдығы көшесін Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейін салу жобасы басталады. Бейбарыс Сұлтан көшесінен Сұлукөл көшесіне дейінгі аралықты құрылыс болады. Бұл аумақ 5 сәуірден 10 қазанға дейін толық жабылады.

Сонымен қатар Кенесары көшесінде А. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі аумақта 5–20 сәуір аралығында орташа жөндеу жұмысы басталады. Былтыр Кенесары көшесінде Е. Брусиловский көшесінен Ә. Сембинов көшесіне дейін жөндеу жұмысы жасалған.

Қазір М. Тынышбаев көшесінде А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жамақаев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да