Не болды?
Қазақ спортшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтиңде бірінші орыннан алынып тасталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Кәсіпқой бокс біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес! Біз спорт жағындамыз! Біз қазақылық бағытындамыз! Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар, азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар! Бұл — өмір заңы! Әр қиындықтан соң қуаныш барын ұмытпаймыз, — деп жазды боксшы өз Instagram парақшасында.
Анықтама
Жәнібек Әлімханұлы — қазақ боксшы. 2025 жыл соңында оның анализінен допиң табылған еді. Спортшы бұл үшін 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін спорттан шеттетілген.
BoxRec тізімінің басты ерекшелігі — ресми ұйымдардың (мысалы, WBO, IBF) рейтиңі сияқты субъективті шешімге емес, нақты факт пен математикалық алгоритмге негізделеді.
Контекст
Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 10 наурызда міндетті титулдық жекпе-жекті өткізе алмағасын, IBF одан чемпиондық белбеуді алып қойған еді. Алайда WBO оның орта салмақтағы чемпион мәртебесін сақтап қалды.
