ШҚО-да кене маусымы басталды: мамандар ескерту жасады

Шығыс Қазақстан облысында сәуір айында кене маусымы басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, кенелердің белсенділігі ауа температурасы мен ылғалдылығына тікелей байланысты.

Кенелер +3+5 градус шамасындағы ауа температурасында ояна бастайды, ал +15 градустан жоғары болса, белсенділігі күрт артады. Ұзақ мерзімді бақылаулар көрсеткендей, кене шағудың қауіпті кезеңі сәуірден қыркүйекке дейін созылады, — делінген хабарламада.

ШҚО-да аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.

Тұрғындарға табиғат аясына шыққанда қорғаныс киімдерін киіп, репелленттерді пайдалануды ұсынамыз. Егер сізді кене шағып алса, бірден дәрігерге барыңыз, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да