Халқы ең сыпайы мемлекеттер қайсы?

Не болды?

Remitly басылымы әлемдегі 26 түрлі мемлекетте өмір сүретін 4600 адам арасында сауалнама жүргізіп, ең сыпайы мемлекетті анықтаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Remitly-дің ақпаратына қарағанда, бұл тізімде жоқ мемлекеттер олардың дөрекі екенін білдірмейді. Бұл рейтиң — адамдардың сыпайылық түсінігін қалай қабылдайтынын түсінуге арнаған шағын зерттеу.

Ең сыпайы 5 мемлекет

  1. Жапония (35,15%)
  2. Канада (13,35 %)
  3. Ұлыбритания (6,23 %)
  4. Қытай (3,07%)
  5. Германия (2,80 %)

Басты қорытындылар

  • Жапония — әлемдегі ең сыпайы ел. Бұл пікірді сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі қосылады. Алайда жапон халқы өздері туралы олай ойламайды. Басылымның жазуына қарағанда, бұған олардың кішіпейілділігі себеп.
  • Канада халқы — сыпайы ғана емес, әлемдегі ең мейірімді ел. Ұлыбритания мен Канаданың бұл тізімдерде көш бастауына ауызекі сөйлесуде жиі қолданылатын «рақмет» (thank you), «оқасы жоқ» (not at all), «ғафу етіңіз» (excuse me) секілді сөздер себеп болуы мүмкін.
  • Өзінің сыпайы екеніне сенімді адамдар Бразилия мен Чилиде тұрады. Алайда бұл тізімдегі көрсеткіштердің бір-бірінен айырмасы елеусіз ғана. Олай болса зерттеуге қатысқан мемлекет адамдардың басым көпшілігі өзін сыпайы әрі қонақжай деп есептейді деген қорытынды жасауға болады.
өзін сыпайы санайтын елдер тізімі
Фото: Remitly.kz

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстан білім беру бойынша Орталық Азия тізімінде нешінші орында екенін жаздық.