Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиді осы лауазымға қайта сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.
