Не болды?
Қытай инвесорлары Түркістан облысындағы жұмысы тоқтап қалған ескі зауыттарға қызығып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Түркістан облысы әкімдігі Төле би ауданында Қытай инвесторларымен кездесті.
Қытай инвесторлары Төле би ауданындағы Кеңес үкіметі кезінде жұмыс істеп, қазір жұмысы тоқтап тұрған өндіріс орындарына қызығып отыр.
Осы нысандарды қайта іске қосу, жаңғырту және жаңа өндірістер ашу мүмкіндіктері талқыланды, — делінген әкімдік хабарламасында.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр Батыс Қазақстан облысы мен Қытай арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріліп, жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды.
Биыл Қытайдың 11 инвесторы Батыс Қазақстанда 19 жобаны іске асырады.
