25 мамырдағы ауа райына болжам

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тек республиканың батыс, солтүстік-батыс және орталығында күн ашық.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау обылыстарының кейбір аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде 3 градус үсік жүреді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

ДереккөзBaq.kz