Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

4,5 балл. Павлодар облысында жер сілкінді

Фото: Depositphotos.com
ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні Астана уақытымен сағат 11:28-де жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Павлодар облысы аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің координаттары: 50.47 солтүстік ендік, 76.47 шығыс бойлық. Тереңдігі – 30 шақырым. Энергетикалық класы – 10.7. Баянауыл ауданының Баянауыл ауылы аумағында 2 балдық дүмпу сезілді. Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,5 балл болды, – деп хабарлады ведомство.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Екібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде және Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 130 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген.