Жетісу облысының полиция департаменті Талдықорғанда жоғалып кеткен жеті жастағы баланың мәйітін тапты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Полиция мәліметінше, 25 мамыр күні сағат 19:50 шамасында «102» арнасына 2019 жылы туған кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Ерекше күтімді қажет ететін бала кешкі сағат 19:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары барысында баланың денесі табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Жетісу облысының полиция департаменті тұрғындарды балаларға мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.
