Алатау тұрғындарына ауылдық үстемеақы тағы бір жыл төленеді

Не болды?

Ауылдық жерде жұмыс істегені үшін 25% үстемеақы төлеу тағы бір жылға ұзартылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Үкіметтің қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 13 сәуірге дейін талқыланады. Өзгеріс Алатау қаласында жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты.

Ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған Алатау қаласының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға лауазымдық айлық ақыдан 25% мөлшерінде уақытша белгіленген ауылдық қосымша ақыларды тағы бір жылға сақтау, – деп жазылған құжатта.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматы мен Алатау қалалары арасында сағатына 350 км жылдамдықпен аэротакси қызметі іске қосылады.