ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 2 наурызында Халық банкінің «Қазкоммерцбанктің» бақылау пакетін сатып алу туралы келісімшартты жүзеге асырудың негізгі шарттарын айқындайтын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.
«Қазіргі таңда екі банк арасындағы өзара меморандумға сәйкес бірқатар шаралар жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, активтердің сапасын кешенді тексеру (due diligence) жүріп жатыр. Сату, сатып алу туралы келісімшарт және басқа да қажетті құжаттар жасалу үстінде», — деді Данияр Ақышев.
Бас банкирдің айтуынша, бұл мәмілені іске асыру мерзімі тараптардың келісіп істеген жұмысына байланысты болады.