Еліміздегі алты банк бірігеді

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың наурыз айының басында Халық банкі мен Қазкоммерцбанк бірігу туралы меморандум жасаған еді. Егер олар қосылатын болса, қазіргі таңда елдегі банк секторында 1-ші орында тұрған Қазком (4,7 трлн теңге) және 2-ші орындағы Халық банкі (4,6 трлн теңге) 9,3 трлн теңгемен нарықтың 37,4 пайызын иемденіп, елдегі ең ірі банкке айналады.

2017 жылдың 1 ақпанында Цеснабанк пен Центр кредит банкі өзара қосылу мүмкіндіктерін хабарлады. Олар біріксе, жалпы капиталы 3,4 трлн теңгелік жаңа банк ретінде 2-ші орынға шығады.

Осылайша, жаңадан құрылатын екі банк нарықтың 51 пайызын иемденбек.

Одан кейінгі жұп – Capital Bank пен Tengri Bank. Олар да наурыз айында бірігетіндерін айтты.

ДереккөзNaryk.kz