Не болды?
Шетелдегі Қазақстан азаматтары үшін паспорт жасау уақыты қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Сыртқы істер министрлігі шетелдегі Қазақстан азаматтары үшін паспорт рәсімдеу қызметі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқаратуды жоспарлап отыр.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заң мен Цифрлық кодекстегі жаңартуларға байланысты ескірген нормалар алынып тасталады.
Жобамен 6 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталындағы қоғамдық талқылауда таныса аласыз.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті алғаш рет алғанда және қолданылу мерзімі біткен соң тегін ауыстыруға болады.
Құжаттағы «-ов» пен «-ева» жұрнағынан қалай арылуға болатынын түсіндірдік.
