Үкімет көмір генерациясын дамыту жобасын бекітті

Не болды?

Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекітті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық жоба көмір өндіру арқылы 7,8 ГВт энергия көлемін енгізуге бағытталған. Жоба аясында сегіз жаңа электр нысаны салынады. Оның ішінде Екібастұз, Курчатов, Жезқазғандағы ірі нысандар мен Көкшетау, Семей және Өскемендегі заманауи ЖЭО-лар бар. Сонымен қатар үкімет 11 энергия торабын жаңартуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 7,5 трлн теңгеден асады. Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жобасы бойынша, 4,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Үкімет көмір электр нысанының қызметкерлеріне “Отбасы банкі” арқылы жеңілдетілген ипотека беруді жоспарлап отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап Алматыда газ бар аймақта көмір жағуға тыйым салынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да