Алматыда газ бар жерде көмір жағуға тыйым салынады

Алматыда 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап газдандырылған аумақтарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, қағидалардың 52-тармағына сәйкес, газға қосылу мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерді жылытатын жекелеген қазандықтарда көмір, мазут және басқа да қатты әрі сұйық отын түрлерін пайдалануға болмайды. Тек төтенше жағдай кезінде жылу және энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерін қолдануға рұқсат етіледі.

Жаңа талаптар жылыту қазандықтарын пайдаланатын кәсіпкерлік нысандарына да қатысты. Шығарындылар көздері міндетті түрде ластаушы заттарды тазарту қондырғыларымен жабдықталуға тиіс. Сонымен қатар техника, бензин және дизель генераторлары да экологиялық талаптарға сай болуы қажет. Осылайша, шектеу тек моншаларға ғана емес, газдандырылған аймақта орналасқан жеке тұрғын үйлерге де қолданылады, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Алматыдағы жеке сектордың газдандыру деңгейі шамамен 99,6% болды. Бұл тұрғындардың басым бөлігінде табиғи газға қосылуға техникалық мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да