Астана көшелерінде тегін wi-fi желісі таратылады

Осыған орай елордада Wi-Fi желісін тарататын 18 нүкте орнату жоспарланып отыр. Бұл нысандар баламалы энергия қуатын пайдалану арқылы жұмыс істейтін болады.

Сондай нысанның бірі – күннің көзі мен желдің қуатын пайдалану арқылы жүмыс істейтін киіз үй бөлігі сипатындағы қондырғы.

«Бұл жерде меймандар тек демалып қана қоймай, ұялы телефоннан бастап басқа да гаджеттерін қуаттай алады. Аталған қондырғы Қазақстанда жасалған  – біздің қанатқақты жобамыз. Оны тек жаздың кезінде ғана емес, қыста да, яғни жылдың әр мезгілінде пайланауға болады. Егер елорда халқының көңілінен шығып жатса, аталмыш қондырғылар қаланың басқа да аудандарына пайда болады», – деді Астана қаласы Энергетика басқармасының өкілі Рустам Қадыров.

Аталған нүктеде бейнебақылау камерасы бар.

ДереккөзNaryk.kz