Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Қазақ ет» пен «Қымыз қабырға»: Air Astana жолаушыларға жаңа мәзір ұсынды

Фото: Руфат Хакиев
Air Astana әуе компаниясы Наурыз мейрамы қарсаңында жолаушыларға арналған жаңа борттық мәзірді таныстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық тағамдар мен авторлық десерттер

Авиакомпания Sandyq қазақ тағамдарының мейрамханасымен бірлесіп, ұлттық тағамдардан бірегей мәзір әзірледі. Алматыдағы ACS борттық тамақтану цехы және Астанадағы QCS борттық тамақтану цехы мәзірді дайындауға көмектесті.

«Қазақ ет» пен «Қымыз қабырға»: Air Astana жолаушыларға жаңа мәзір ұсынды
Фото: Жазира Пірімқұл

Жаңа мәзірге «Қазақ ет», отқа піскен көкөністер мен сиыр етінен жасалған «Бұқпа», «Қымыз қабырға», қымыз ішіндегі қой қабырғалары және басқа да авторлық тағамдар енгізілді. Екі кластың жолаушыларына қазақ тәттілері мен мереке күндері сапарға шыққандарға Наурыз көже ұсынылады.

«Қазақ ет» пен «Қымыз қабырға»: Air Astana жолаушыларға жаңа мәзір ұсынды
Фото: Жазира Пірімқұл

Музыка, кино және премиум жинақтар

Әуе компаниясы борттық тағамдар, салондарды безендіру, ұшу кезіндегі қазақ музыкасы мен киносы арқылы ұлттық бірегейлік пен мәдениетті Қазақстанның жаһандық амбассадоры ретінде ілгерілетуді жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар KC TV жүйесінде танымал блогер Yuji Beleza және басқа да инфлюенсерлердің саяхат және гастрономияға арналған бейнематериалдары, подкасттар мен соңғы әлемдік блокбастерлер ұсынылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Air Astana (@airastana)

Air Astana әуе компаниясының бизнес-кластағы жолаушыларына Uly Dala фирмалық хош иісті сабын, сонымен бірге итальяндық Moschino және TEMPLESPA премиум косметика брендтерімен серіктестікте жасалған жол жинақтары сыйға беріледі. Сонымен қатар экрандар, жастық және бас тірегіштің тыстары қызғалдақтармен безендіріліп, ұшу кезінде жылы және мерекелік атмосфера туғызады.

Air Astana борттық мәзір
Фото: Руфат Хакиев

Наурыз — Қазақстандағы ең маңызды және сүйікті мерекелердің бірі, жаңару, қонақжайлық пен бірліктің нышаны. Біз үшін жолаушылардың осы мерекенің ахуалын ұшу кезінде де сезінуі маңызды. Сондықтан да біз ұлттық тағамдармен арнайы борттық мәзір дайындап, ойын-сауық контентін жаңартып, жолаушыларымызға мерекелік сыйлықтар дайындадық. Осындай бастамалар арқылы біз еліміздің меймандарын қазақ мәдениетімен таныстыруға және саяхатты бұдан да жағымды әрі есте қаларлық етуге тырысамыз, — деді Air Astanaның борттық қызмет көрсету бойынша вице-президенті Елена Обухова.

Мақалаға реакция