Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға ұшатын рейстерін тоқтатты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақстандағы ұлттық тасымалдаушы Air Astana компаниясы 2026 жылғы 31 наурызға дейін Дубайға ұшатын рейстерін тоқтатты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, бұл аралыққа билет алған азаматтар оны 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы уақытқа ауыстыра алады.

Компания Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталғанша осындай шешім қабылдаған. Осы аралыққа билет алып қойған азаматтар билетінің ақшасын айыппұлсыз және тегін ауыстыра алады. Болмаса, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы даталарға қайта брондай алады, — делінген хабарламада.