16 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, кей жерлерде бұршақ түседі. Жауын-шашынға қарамастан, елдің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады. Кей өңірде ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +32…+34°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +37…+39°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.
Семейде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.
Таразда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +36…+38°C.
Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
