Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған өкім мәтінінде.
Айта кетейік, бүгінгі отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» конституциялық заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Келесі отырыста заңды екінші оқылымда қарау жоспарланып отыр.
