Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақ жұмысшылары Қытай тілінен сынақ тапсыруда

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының жетекшілері өзінің жаңа заңдарымен жұмысшыларын сарсаңға салып, олардың ашуы мен қарсылығын тудырып отыр. Бұл құжаттар қазақстандықтардың еңбек құқықтарын шектейді және тілдік дискриминацияның ашық түрде көрініс беруі болып есептеледі. Бұған дейін компания басшыларының «75% қызметкерлер — надан, білімсіз және жалқау» деген мәлімдемесі жарық көрген болатын.

Компания президенті Ван Цзюньжэньнің аузынан шыққан бұл әңгіме осы жылдың тамыз айынан бері жалғасып келеді. Барлық жұмысшы қытай тілін білуге және оны күн өткен сайын жетілдіріп отыруға міндетті болып шықты. Онымен қоса, байғұс қазақтардың 6 айда бір рет міндетті түрде сол тілден емтихан тапсыруы керек екен.

Өз жерімізде жүріп өзгеге жем болғанымызбен қоса, сол ұлттың тілі мен дәстүрін қабылдауға мәжбүр болып қалғанымыз сұмдық емес пе?!  Кеше орыстың «крещениесінде» суға түсіп, шоқынуды үйренсек, бүгін қытайдың «иероглифтерін» жаттап жүрміз… 

Мақалаға реакция

10 Пікір

  1. Т
    Тилеукабыл Сулейменулы 10 жыл бұрын
    Сонда біз оз еліміздің тілін оларга уйретудің орнына олардың тілінле сөйлеуге деген құлшынысымыз артық болғаны гой.
  2. К
    Казак 10 жыл бұрын
    Ояан Казах кытаи бауырларынды жеп жатыр енди калмаганы тилимиз еди
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Казах сондай сорлы халыккой Арабтын салт дастурин уйренеди Кытайдында салт дастурин тилин уйренеди орыстарга багынышты
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ақыры заман боларда, қара қытай қаптайды дегендей, қазақстанда тұрып қытай тілінен тест тапсырды деген недеген сұмдық.
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Кытайлар КАЗАК тилинен тапсырмайма топастар, оздеринин жеринде, оздери ие болаалмай журген, айтарга созим жок, жогарыда отырган басшыларымыз ай карап отырма, жулдыз санап отырма?
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Маскара,не деген уят нарсе
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Оз жеринде жургендеи уким шыгаруын.
  8. Қ
    Қостілеу 10 жыл бұрын
    Намыс жок казактар мал болып жүре берің. Ертең қытайлар бастарыңа сиеді. Кыздарыңды катын қылып, көз алдарында намыстарыңды таптайды. Сендер 120-150мын акша үшін тес тапсырып жүре берің. Намысы жок басшылар болса көретін күнің сол.
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Неткен сорлы қазақтар еди! Оларды орнына коятын бир мықты қазақтың болмаганы ма? Ақша тапсам болды деп арың сатуға көшкен бе? Намысын бермеген қайран қазақтар қайда?
  10. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ойбай, мынау не сұмдық?! " Жаман үйдің- қонағы бидің" керін келтіріп тұр ғой. Қазақстанның заңын керек етпей, өз заңын кіргізіп тұрған қандай күшті келімсектер. Орыстанып болдық, енді қытай болуымыз жетіспей тұр екен. Мұндай бассыздықтарды тоқтатып, жол берілмеуі қажет. Қазақ сонда, күнкөрісі үшін,кімкөрінген келімсектің тілін жаттай беруі қажет пе? Тілді- үйрену оңай болса, жиырма бес жылда, келімсектер мен басқа да мемлекеттік тілді білмейтіндер неге сайрап кетпейді? Шын Тәуелсіз мемлекет болсақ, Қазақстанның аумағына: қонақтардың- " бөтен үйге, өз заңымен кіруіне "тыйым салынуы қажет.