Қазақ жұмысшылары Қытай тілінен сынақ тапсыруда

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының жетекшілері өзінің жаңа заңдарымен жұмысшыларын сарсаңға салып, олардың ашуы мен қарсылығын тудырып отыр. Бұл құжаттар қазақстандықтардың еңбек құқықтарын шектейді және тілдік дискриминацияның ашық түрде көрініс беруі болып есептеледі. Бұған дейін компания басшыларының «75% қызметкерлер — надан, білімсіз және жалқау» деген мәлімдемесі жарық көрген болатын.

Компания президенті Ван Цзюньжэньнің аузынан шыққан бұл әңгіме осы жылдың тамыз айынан бері жалғасып келеді. Барлық жұмысшы қытай тілін білуге және оны күн өткен сайын жетілдіріп отыруға міндетті болып шықты. Онымен қоса, байғұс қазақтардың 6 айда бір рет міндетті түрде сол тілден емтихан тапсыруы керек екен.

Өз жерімізде жүріп өзгеге жем болғанымызбен қоса, сол ұлттың тілі мен дәстүрін қабылдауға мәжбүр болып қалғанымыз сұмдық емес пе?!  Кеше орыстың «крещениесінде» суға түсіп, шоқынуды үйренсек, бүгін қытайдың «иероглифтерін» жаттап жүрміз… 

ДереккөзҰЛТ сайты