Қазақстанда 20 наурызда ауа райы құбылмалы болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында көшпелі бұлтты ауа райы сақталады: оңтүстік өңірлерде күн жылынса, солтүстік пен орталықта салқын ауа райы басым болады.

Астанада жауын-шашынсыз, тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде ауа температурасы -8…-10°C, күндіз +3…+5°C болады.

Алматыда күн жылы болады: түнде +1…+3°C, күндіз +14…+16°C.

Шымкентте кейде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, температура күндіз +16…+18°C жетеді.

Жалпы, оңтүстік аймақтарда (Қызылорда, Түркістан, Тараз) ауа температурасы +20°C-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде (Павлодар, Петропавл, Өскемен) түнде минус температура сақталып, тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының құбылмалы болуына байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да