Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыдағы Көк базардың тыныс-тіршілігі. Фоторепортаж

Фото: Ерқанат Аманкел
Алматыдағы Көк базар — ең көне сауда орындарының бірі. Бұл базар орналасқан аймақта біраз жылдан бері сауда-саттық жүріп жатыр. 1970 жылға қарай Көк базардың жабық ғимараты бой көтерді. Былтыр қарашадан бері базарды жаңғыртып жатыр. Baribar.kz тілшілері Көк базардың тыныс-тіршілігін көріп қайтты.
Көк базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Базар, сауда
Фото: Ерқанат Аманкел

Көк базар сатушылары ақ немесе жасыл түсті арнайы форма киіп алған. Базарға кірген бойда кепкен жемістердің жұпар иісі аңқып тұрады. Қаз-қатар тізілген сары өрік, қызыл өрік, мейіз бен құрма көзімізге түсті. Сонымен қатар грек, бадам, орман жаңғағы мен жер жаңғақ та бар екен.

кепкен жеміс, базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Көк базар, сауда, кептірілген жеміс
Фото: Ерқанат Аманкел

Кепкен жемістен бөлек, базарды аралап келе жатқанда шайдың да хош иісі сезілді. Отбасымызбен дастархан басына жиылып, шүйіркелесу үшін бір шәйнек шай болса, сол жетеді емес пе? Мұнда әр адамның талғамына сай әртүрлі шай бар. Ең көп сатылып жатқаны — жеміс шайы, қара шай мен түйіршік көк шай.

Көк базар, азық-түлік, сауда
Фото: Ерқанат Аманкел
Көк базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Көк базар, сауда, кептірілген жемістер
Фото: Ерқанат Аманкел

Көкбазардан кез келген жеміс-жидек пен көкөніс түрі табылады. Көктем келер-келместен мұнда қарбыз бен қауын да сатылып жатқанын байқадық.

Көк базар, азық-түлік, көкөніс
Фото: Ерқанат Аманкел

Базарда әртүрлі адамды кездестіруге болады. Бірі асығыс саудаласып, дереу кетіп бара жатты. Ал енді бірі әр өнімді асықпай таңдап, саудагермен оны-мұны айтып әрі саудаласып тұрды.

Көк базар, көкөніс, жеміс
Фото: Ерқанат Аманкел
Көкөніс, азық-түлік, базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Азық-түлік, жеміс, көкөніс. Көк базар.
Фото: Ерқанат Аманкел

Нағыз ауылдың дәмін сағынған жандар базардан түрлі сүт өнімін таба алады. Саудагерлер қаймақ, құрт, ірімшік пен сары май сатып жатыр. Тіпті, қымыз, шұбат пен наурыз көжеден дәм татып көруге болады. Сүт өнімінен бөлек, сөк, тары, талқан мен жент те бар. Наурызға орай ұлттық тағамдарды сатып алып жатқан жұрт көп екен.

Сүт өнімі, ірімшік, жент
Фото: Ерқанат Аманкел
Сүт өнімдері, ірімшік, қаймақ
Фото: Ерқанат Аманкел
Құрт, ірімшік, наурыз көже
Фото: Ерқанат Аманкел
Сүт өнімі, құрт, қаймақ
Фото: Ерқанат Аманкел
Сүт өнімі, айран, қымыз, ірімшік, базар
Фото: Ерқанат Аманкел

Базардың ет сататын аймағында сиыр еті, қой еті мен жылқы еті бар. Жілік-жілік ет, сүрленген қазы-қарта мен тізіліп тұрған жал-жая бірден көзге түсті. Саудагерлер әр тұтынушының қалауына қарай етті бөлшектеп, салып беріп жатыр.

Ет, азық-түлік, базар
Фото: Ерқанат Амакел
Көк базар, ет, азық-түлік
Фото: Ерқанат Аманкел
Ет, Базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Ет, сиыр еті, сауда, базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Ет, базар
Фото: Ерқанат Аманкел

Базарда үлкен кісілерді көп кездестірдік. Ата-әжелер немерелеріне тәтті алып жүр. Ал ерлер мен әйелдер үйге қажет азық-түлік сатып алып жатыр. Кішкентай баласын ертіп алып, сауда қылып жүргендер де бар.

Ет, сауда, базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Базар, сауда
Фото: Ерқанат Аманкел
Ет, базар
Фото: Ерқанат Аманкел

Әрі қарай шығыс салатын сатып жатқан қатарға беттедік. Ащы дәмді жақсы көретін жандарға сатушы қызыққабат пен сәбіз салатын салып беріп жатыр. Көкөністегі дәрумен бойына сіңген салат пен түрлі дәмдеуіштің иісі тәбетімізді ашып жіберді.

Базар, азық-түлік, салат
Фото: Ерқанат Аманкел
Корей салаты, салат, базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Базар, салат
Фото: Ерқанат Аманкел
Салат, базар
Фото: Ерқанат Аманкел
Базар, сауда
Фото: Ерқанат Аманкел