Оралда референдум учаскелерінде мәдени іс-шаралар өтіп жатыр

Республикалық референдум күні Орал қаласындағы бірқатар дауыс беру учаскелерінде тұрғындар үшін мәдени шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Атап айтқанда, №237 сайлау учаскесінде «Алаш» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық ән-күйлерден концерттік бағдарлама ұсынды. Ансамбльдің орындауындағы халық әндері мен күйлері жиналған тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

№32 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан №487 сайлау учаскесінде Е. Ғ. Абдулов атындағы үрмелі аспаптар оркестрі концерт қойды. Оркестрдің орындауындағы музыкалық шығармалар референдум күні учаскеге келген тұрғындарға ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Мұндай мәдени шаралар тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырып, дауыс беру күніне мерекелік сипат беруге бағытталған.

Естеріңізге салайық, Астанада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да