Астанада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді

Астана тұрғыны, 18 жастағы Әсемай Ринатқызы №380 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады.

Жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше әрі жауапты сәт болды. Ол ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға алғаш рет қатысып отырғанын айтып, өз үлесін қосқанына қуанышты екенін жеткізді.

Бұл – менің алғаш рет дауыс беруім. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау маңызды деп ойлаймын. Әр азамат өз пікірін білдіріп, ел дамуына үлес қосуы керек, – деді Әсемай.

Жас сайлаушының айтуынша, жастардың белсенділігі қоғамның дамуына оң әсер етеді.