Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың салдары аймақтағы миллиондаған бала үшін «апатты сипат» алып барады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
БҰҰ балалар қорының мәліметінше, 28 ақпаннан бастап АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған алғашқы әскери соққыларынан бері 1100-ден астам бала жарақат алып немесе қаза болған.
Зардап шеккен балалардың елдер бойынша саны:
- Иран – шамамен 200 бала
- Ливан – 91 бала
- Израиль – төрт бала
- Кувейт – бір бала
Ұйым өкілдері балалардың қаза болуы мен жарақат алуына ешқандай ақтау жоқ екенін атап өтті.
Ұйым қақтығысушы тараптарды халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауға және бейбіт тұрғындарға, әсіресе балаларға келетін зиянды барынша азайту үшін барлық сақтық шараларын қабылдауға шақырды.
Еске салайық, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен елге 9 517 қазақ қайтарылды.
