Таяу Шығыс елдерінде жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанға 61 рейс орындалып, олармен 10 033 жолаушы жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Көлік министрлігінің мәліметінше, рейстер Air Astana, SCAT Airlines, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары арқылы жүзеге асырылды.
Ұшақтар Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан ұшып, Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына қонған.
Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және отандық әрі шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан 1100-ден астам бала зардап шекті.
