Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Nauryz Sale: Алматыда ірі жеңілдіктер науқаны өтеді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматыда 13–23 наурыз аралығында Nauryz Sale ауқымды мерекелік акциясы өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары 10 күн бойы тиімді сауда жасап, түрлі мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қатыса алады. Науқанға Алматының ірі сауда-ойын-сауық орталықтары қатысады. Олардың қатарында:

  • Forum Almaty

  • Globus

  • Mega Park

  • Aport East

  • Almaty Mall

  • Dostyk Plaza

  • Moskva Mall

  • Mart

  • Sputnik Mall

Акция кезінде сауда орталықтарында тауарлардың түрлі санаттарына 10–30% жеңілдік ұсынылады. Сонымен қатар отандық брендтердің өнімдері қойылатын арнайы аймақтар ұйымдастырылып, оларды нарық бағасынан 10–20% төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік беріледі. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін акциялық тауарлар Nauryz тақырыптық безендіруімен және арнайы навигациямен белгіленеді, — делінген хабарламада.

Мерекелік бағдарлама аясында сауда орталықтарының алаңдарында:

  • тақырыптық жәрмеңкелер мен фестивальдер

  • концерттер мен музыкалық бағдарламалар

  • ұлттық нақыштағы фотоаймақтар

  • балалар мен ересектерге арналған интерактивті алаңдар ұйымдастырылады.

Негізгі мерекелік іс-шаралар 20–23 наурыз аралығында өтеді. Сонымен қатар сауда орталықтарының LED экрандарында Наурыз дәстүрлеріне арналған бейнероликтер көрсетіледі.

Еске салайық, Қазақстанда мерекеге орай 13–23 наурыз аралығында республикалық Nauryz Sale акциясы басталады.