70%-ға дейін жеңілдік. Қазақстанда мерекеге орай Nauryz Sale акциясы басталады

Не болды?

Қазақстанда мерекеге орай 13–23 наурыз аралығында республикалық Nauryz Sale акциясы басталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл бастама еліміздегі өндірушілерді қолдап, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталған. Акция кезінде тауарлар 10–70% жеңілдікпен сатылады. Сауда орнында жеңілдіктегі тауарлар арнайы Nauryz безендіруі арқылы белгіленеді.

Қандай сауда орталығында жеңілдік қарастырылған?

Бұл акцияға шамамен 300 ішкі сауда субъектісі қатысады. Оның ішінде 140 сауда орталығы, 140 сауда желісі мен 20 электрон сауда субъектісі бар. Атап айтсақ, Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астықжан», «Аян», Greenwich сауда желілерінде жеңілдік болады.

Бұдан бөлек акцияға:

  • Ақтаудағы SAYA Mall;
  • Петропавлдағы Dostyk Mall;
  • Ақтөбедегі KeruenCity;
  • Астанадағы Keruen City Astana;
  • Атыраудағы Infinity Mall;
  • Түркістандағы Turan Mall;
  • Алматыдағы Dostyk Plaza;
  • Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтары қатысып жатыр.

Осы сауда орталықтарында елімізде өндірілген тауарлар нарықтағы бағадан төмен сомада сатылады. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы фотозоналар құрылады. Келушілер «Тәрбие» киім дүкенінің ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, естелік суретке түсе алады.

Sauda in Digital Nauryz байқауы

Сауда және интеграция министрлігі акцияға қатысып жатқан сауда субъектілеріне арнап Sauda in Digital Nauryz деген республикалық байқау жариялаған еді. Байқау 13–20 наурыз аралығында өтеді.

Қатысушылар төрт номинация бойынша жоба ұсына алады:

  • «Үздік цифрлық безендіру»;
  • «Үздік цифрлық құттықтау»;
  • «Жасанды интеллекті үздік пайдалану»;
  • «Ең креативті Digital-жоба».

Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет. Байқау қорытындысы 20 наурызда анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.

Контекст

Естеріңізге салайық, 7-8 наурыз күндері Алматыда азық-түлік жәрмеңкесі өтті.