«Алматы қаласы жастарының дельфий ойындары-2017» байқауы аяқталды.

Қазақстан Ұлттық дельфий ойындарын биыл XIII-рет өткізді. Ойындар жас таланттарды тауып, оларды қолдау, өскелең ұрпақ арасында мәдени мұраны насихаттау, оларға рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдениетаралық диалог пен ұлттық өнердің дамуына ықпал етуді көздейді.

Байқаудың нәтижесі бойынша ең үздік деп танылған жеңімпаздар:

  • «Скрипка» номинациясы бойынша – Ақынгер Айлин (10-15 жас) мен Бектұрова Малика (16-21 жас);
  • «Киім дизайны» номинациясында Пернебаева Гауһар;
  • Домбыра жанры бойынша Шәкенбаев Мұхамедәлі (10-15 жас) мен Жүлекен Жандос (16-21 жас),
  • «Дәстүрлі халық әні» аталымы бойынша Ерғалина Балауса;
  • «Фотосурет» шеберлерінің арасында Жакаева Офелия арнайы мақтау қағазымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
  • «Заманауи би» номинациясында «SAAD» би тобы,
  • «Халық биі» аталымында әртүрлі жас ерекшеліктеріне орай, «Сармат» (10-15 жас аралығы) пен «Нұрби» (16-21 жас) би топтары қанжығаларына байлады.

Енді аталған жеңімпаздардың барлығы Алматы қаласының намысын республикалық Ұлттық дельфий ойындарында қорғайтын болады. Ұлттық дельфий ойындарында жеңіс тұғырынан көрінген жастар халықаралық дельфий ойындарында еліміздің атынан өнер көрсетеді.

Айта кетейік, дельфий ойындары –қатысушылар арасынан талантты тұлғалар мен ерекше дарынды жастарды іріктеп алуға бағытталған, классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін біріктіретін кешенді байқау. Олимпиада ойындарымен бірге ежелгі Греция жерінде дүниеге келіп, XX-ғасырда қайта жандана бастаған дельфий ойындары бүгінде әлемнің 100-ге тарта мемлекетінде қолдау тапқан.