Есентаеваның естелік кітабы «Баян» деп аталады

Сонымен қатар, продюсер ғұмырнамасының ата-апасы туралы жазылған үшінші бөлімін таныстырып үлгерді:

«Менің атам мен апам (мен оны найнашка деп атайтынмын) құрметті кісілер болған. Атам апамды өмірінің соңына дейін қатты қызғанды. Мысалы, апам жұмысқа әдемі көйлектерін киіп барса, атама бұл ұнамайтын. Апам маған: «Қазір мен есік алдына шыққан соң, маған анау бір көйлегім мен әдемі биік өкшелі аяқ киімімді пакетке салып әкеліп берші»,-деп айтатын.

Ол ұсақ моншақтары бар шілтерлі ақ жағалы, қызыл гүлді қара көйлек болатын. Апам сол сәнді киімді өзі тіккен еді. Көйлекке міндетті түрде танамоншақ тағып жүретін. Әр саяхатынан түрлі танамоншақтарды әкеліп, жинап жүргенді жақсы көрді. Мен апамды оларсыз елестете алмайтынмын…»

Есентаева brod.kz сайтына берген сұхбатында, кітапты жазуға 4 айдай уақыт кеткенін айтқан болатын. Ол сондай-ақ, «Баян» кітабында фотосуреттердің орнына, суретшілер салған суреттерді қолданатынын атап өтті.

ДереккөзBrod.kz