Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Баспана кезегінде тұрғандар 10 жыл ішінде үй алуы мүмкін

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова баспана кезегінде тұрған азаматтардың қанша уақытта үй алуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрған 395 мың адам құжат тапсырған. Соның ішінде 350 мың азамат инвентаризациядан өтіп, талаптарға сай деп танылған.

Қазір бізге 19 850 пәтер берілді. Олардың барлығы 5%-дық ипотека арқылы ұсынылады. Сонымен қатар жалдамалы баспана бағдарламасы да бар. Жоспар бойынша биыл кезекте тұрған 25 мың отбасы баспаналы болады. Осы қарқын сақталса, 350 мың адамның барлығы шамамен 10 жылдың ішінде үй алады деп сенеміз. Инвентаризация барысында тұрғын үй кезегінен 50 мың адам шығарылған. Себебі олардың бұрын баспанасы болғаны анықталған, – деді Ләззат Ибрагимова үкіметте өткен брифиңде.