2025 жылы Қазақстанда апатты жағдайдағы тұрғын үйлер саны 7% өсіп, 2,6 мың бірлікке жетті. Бұл көрсеткіш қалалық жерлерде 2,4%, ал ауылдық жерлерде 11,5% артты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ranking.kz мәліметінше, апатты үйлердің жалпы ауданы 834 мың шаршы метр болды, 50 мыңнан астам адам қауіпті жағдайда тұрып жатыр.
Өңірлер бойынша жағдай әркелкі: Атырау облысы апатты үйлер саны бойынша көш басында тұр — 705 объект, онда 13 мыңнан астам адам тұрады. Ақмола облысында 270 үй апаттық жағдайда болса, Батыс Қазақстан облысында 262 үй тіркелген, бұл өңірдегі ең жоғары өсім болып отыр. Апатты үйлер саны көп өңірлер қатарында Астана (191) және Абай облысы (172) да бар. Ең аз проблемалық үйлер Жамбыл (4), Қостанай (8) және Алматы (16) облыстарында тіркелгенімен, нақты жағдай статистикада көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін. Дегенмен оң үрдістер де бар. 2025 жылы Алматы мен Қарағанды облыстарында, сонымен қатар Астана мен Солтүстік Қазақстан облыстарында апатты үйлер саны азайған.
Апатты үйлер санының өсуі тек тұрғын үй қорындағы тозуды емес, сонымен қатар тексеру жұмыстарының белсенділігін көрсетеді. Ресми мәртебесі жоқ тозығы жеткен үйлерде адамдар қауіп-қатерге қарамастан тұрып жатыр. Ал апатты деп танылған үйлер реновация мен көшіру бағдарламаларының іске қосылуына мүмкіндік береді, яғни тұрғындардың жағдайын жақсартуға жол ашады, — делінген хабарламада.
Алматыдағы жағдай ерекше назарда: ресми деректер бойынша қалада апатты үйлер жоқ деп көрсетіледі, ал 2020 жылға дейін мегаполисте 1,7 мыңнан астам апатты тұрғын үй болған.
