Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жаңа заң: дәрігерге қол көтергендер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

7 наурыздан бастап дәрігерлерге қатысты жаңа заң күшіне енді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде медицина қызметкерлеріне физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеті үшін жаза күшейді. Қылмыстық кодексте белгіленген жаңа заң 7 наурыздан бастап күшіне енді.

Құжат нормалары қандай?

Жаңа заң бойынша:
• дәрігерлер мен жедел-жәрдем қызметкеріне күш қолданғаны үшін 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) айыппұл салынады немесе осы мөлшерде түзеу жұмысы, 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасының бірін қолданады;

• айыпталушы дәрігерге ауыр зиян келтірсе, жаза күшейтіліп, 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығы шектеледі;

• өмірге, денсаулыққа қауіпті емес күш қолданылса, 500-ден 1000-ға дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) айыппұл немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу көзделген;

• өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданылса 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығы шектеледі. Ал ауыр жағдай анықталса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Контекст

Естеріңізге салайық, жыл басында президент медицина қызметкерлерінің құқықығын қорғауды күшейтетін осы заңға қол қойған еді.