Мектеп бітіру кешіне ақша жинауға болмайды — Білім және ғылым министрлігі

«Бiлiм және ғылым министрлiгi мектеп бітірушілер кеші мәселесі бойынша аймақтармен селекторлық жиын өткiзгенбiз. Әр бiлiм басқармасы түлектермен қоштасу кешiн мектепте өткiзуге мүдделi. Әдетте ата-аналар комитеттерiнiң өздерi мектептен тыс жерде кеш немесе басқа шараларды өткiзу туралы шешiмдi қабылдайды. Ал, жалпы алғанда, түлектермен қоштасу рәсiмi және аттестат тапсыру рәсiмi мектеп iшiнде өтедi. БҒМ мен өңiрлердегi бiлiм басқармалары ақша жинау, қымбат дүниелердi жалға алу идеясын құптамайды. Жалпы, мектепте ақша жинауға тыйым салынған», — дедi Асылова.

Вице-министрдiң айтуынша, қазiргi таңда аталған мәселе бойынша ата-аналарымен жұмыс жүргiзiлуде. Осы аптада БҒМ түлектердiң қоштасу кешiне және басқа да ақша жинау түрлерiне қатысты ақпараттық жұмысты күшейтпек.

ДереккөзBaq.kz