2 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болатынын ескертті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағына циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Метеорологтардың болжауынша, республиканың көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, солтүстікте қар басым болады. Ал орталық және шығыс өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Батыс, солтүстік және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астана – қар, жаяу бұрқасын, жел екпінді. Түнде -20…-22°C, күндіз -6…-8°C.

Алматы – күн соңында жаңбыр аралас қар, тұман, көктайғақ. Түнде -7…-9°C, күндіз +3…+5°C.

Шымкент – жаңбыр мен қар, тұман. Түнде 0…-2°C, күндіз +10…+12°C.

Ақтау – аздаған жауын-шашын, көктайғақ. Түнде 0°C шамасында, күндіз +3…+5°C.

Ақтөбе – көбіне қар. Түнде -4…-6°C, күндіз 0…-2°C.

Атырау – жауын-шашынсыз, тұман. Түнде -4…-6°C, күндіз +3…+5°C.

Қарағанды – жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20°C, күндіз -8…-10°C.

Павлодар, Семей, Өскемен – қатты аяз сақталады. Түнде -26…-30°C, күндіз -10…-12°C.

Түркістан – жауын-шашынсыз. Түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.

Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болуды және ауа райының күрт құбылуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да