Алматыда қыс мезгілінде көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырын қар мен мұздан уақтылы тазалау бойынша бақылау күшейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Алматының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті кондоминиум нысандарын басқару органдарына жүктелген. Заңнама бойынша, МИБ, ПИК және басқарушы компаниялар ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жауапты.
Олардың міндетіне:
-
су ағар жүйелерін;
-
күнқағарларды;
-
ортақ мүліктің өзге де элементтерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау кіреді.
Шатырда жиналған мұз сүңгілері мен қар тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қауіпті аймақтар алдын ала қоршалып, тұрғындарға ескерту жасалып, тазалау жұмыстары дер кезінде әрі қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілуге тиіс, — делінген хабарламада.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, егер тазалау жұмыстары уақтылы орындалмаса, жауапкершілік басқарушы ұйымға жүктеледі. Зиян келтірілген жағдайда азаматтар өз құқықтарын заң аясында, соның ішінде сот арқылы қорғауға құқылы.
