Жақында жөнделген. Шымкент вокзалының шатырынан су ағып тұр

Не болды?

Жақында Шымкенттегі теміржол вокзалы жаңарған еді. Алайда жөнделген ғимараттың ішінде жаңбырдан аққан суға тосқан шелектер тізіліп тұр. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Шымкент вокзалының жөнделгеніне әлі бір жыл да болған жоқ. Вокзал кеңейді. Қазір тәулігіне алты мың жолаушыға дейін қызмет көрсетеді.

Дегенмен күту залының ортасында тұрған шелек жолаушылардың таңданысын тудырған.

Шымкент вокзалы
Видео скрині

Жаңарлған вокзалға келдім. Бәрі әдемі жасалған сияқты еді, бірақ алғашқы жаңбырдан кейін-ақ шатырдан су ақты. Мұндайды көру көңілге қаяу салады, – дейді Шымкент тұрғыны Нұрбол Торбаев.

Шатыр 1,1 млрд теңге болған жөндеу жоспарына кірмеген

Шымкент теміржол вокзалын басқаратын «Восток Трейд Про» ЖШС былтыр ғимарат 1,1 миллиард теңгеге жөнделгенін, алайда шатырды жөндеу жоспарға кірмегенін айтып отыр. Ғимараттың төбесі ескі, жылдар бойы жөнделмеген.

Шатырдың жағдайы өте нашар, ол ұзақ уақыт жөнделмеген. Былтыр тек ағымдағыдай жөнделді. Капиталды жөндеуді келесі жылға жоспарлап отырмыз – жабындыны толық ауыстырамыз, – дейді «Восток Трейд Про» ЖШС директоры Диана Мұқанова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да