Қазақстанда шетел ғалымдары еліміздегі мамандардан 47 есе көп жалақы алған

Не болды?

Қазақстанда шетел ғалымдары еліміздегі мамандардан 47 есе көп жалақы алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша, сарапшы қызметіне шетел ғалымдары еліміздегі мамандардан 47 есе көп жалақы алғаны анықталды. Шетел ғалымдарына шамамен 400 мың теңге, ал еліміздің мамандарына 8 500 теңге төленген. Агенттік сарапшы қызметінің құнын есептеу үшін жаңа әдістеме бекітті. Енді ғылым саласына сарапшыларды жасанды интеллект арқылы іріктеу жүйесі енеді.

Енді ғылыми жоба жайлы ақпарат ашық жариялануға тиіс

Ғылыми әдепті сақтамай, жоспарға сай қызмет етпеген сарапшы мен жобалар басшысының тізімі жасалды. Енді тізімдегі мамандардың байқауға қатысу мүмкіндігі уақытша шектеледі. Ғылыми жобаларды іске асыру мен жобаға жұмсалған қаражат туралы ресми ақпарат ашық ресурстарда жариялануы керек.

Тағы қандай өрескел қате анықталды?

Ғылыми жобаларды іріктеп, іске асыру кезінде 13,5 мың сарапшының шамамен 75%-ы іс жүзінде жұмысқа қатыспағаны белгілі болды. Сонымен қатар, формальды экспертиза жүргізіп, белгілі бір үміткерлерге қолайлы түрде нәтижені түзеткендер анықталды. 30 зерттеу бойынша объективті ұстаным сақталмаған. Зерттеу жобалардың жалпы құны — 11,5 млрд теңге.

Контекст

Естеріңізге салайық, қазақтан шыққан тұңғыш ғалым әйелдер туралы тың дерек жарияланды.