Алматыда қар күреу жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр

Алматыда толассыз жауған қардың салдарын жою жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, көшелер тәулігіне төртінші рет күреліп жатыр.

25 ақпанда көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1250 техника мен 4050 жол қызметкері жұмылдырылды. Оның ішінде 905 техника мен 2015 жұмысшы — Алматы Тазалық МКК-дан, ал 345 техника мен 695 жұмысшы мердігер ұйымдардан. Сонымен қатар 25 ақпаннан 26 ақпанға қараған түні тазалау жұмыстарына қосымша 1340 адам тартылады. Қазіргі таңда басымдық магистральдық көшелерге, қоғамдық көлік бағыттарына, еңіс және дөң аумақтарға, аялдамалар мен тротуарларға берілген, — делінген хабарламада.

Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі: алдымен көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, кейін қар техникамен сыртқа шығарылады. Коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, ресурстарды жүктемесі жоғары аумақтарға бағыттап отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да