Арнольд Шварценеггер «Терминаторға» қайтып оралады

Американың Калифорния штатының бұрынғы губернаторы жақын арада атақты блокбастердің жалғасын түсіру мәселесімен режиссер Джеймс Кэмеронмен жолыққанын айтты.

«Фильм көрерменмен қайта қауышады. Ол ілгері жылжуда. Франшизаны жалғастыру бойынша Кэмеронның жақсы ойлары бар Және ол жерде мен де болам», — деді 69 жастағы киноактер.

4 мамырда Шварценеггер «Терминатордың» жалғасына түсуден бас тартты деген алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды. Ол кезде актер, керісінше, фильмнің жалғасын асыға күтетінін жеткізген болатын.

Сериялы фильмнің 5-бөлімі «Терминатор: Генезис» атауымен экранға 2015 жылы жазда шықты. Алан Тэйлордың картинасы әлем бойынша 440 миллион доллар жинаған еді. Атақты Арнольд Шварценеггер Т-800 жауыз роботтың рөлін сомдаған фильмді қөрермен қауым мен журналистер әрқалай қабылдады.

«Терминатор» франшизасы «Скайнет» суперкомпьютерлерінің жасанды интелектімен басқарылатын желілердің соғысы мен соның салдарынан жойылуға жақын қалған адамзат жайында баяндайды. Барлық сериясын қосқанда картина прокаттан бас-аяғы 1,4 млрд доллар жинады. Бірінші бөлімін Джеймс Кэмерон 1984 жылы түсірген.

ДереккөзBaq.kz