Шу — Отар бағыты бойынша электрпойыз жүреді

Не болды?

19 ақпаннан бастап Шу — Отар бағытында электрпойыз жүреді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім жолаушыларға сапалы әрі жайлы қызмет көрсету деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бұған дейін осы бағыт бойынша бір ғана жолаушылар вагоны қатынаған. Енді Шу — Отар бағытында төрт вагоны бар электрпойыз жолға шығады. Пойыз жалпы 300-ден астам жолаушыны тасымалдай алады.

Электрпойыз күн сайын жүреді:

Шу станциясынан жөнелту уақыты — сағат 15:30,
Отар станциясына келу уақыты — сағат 19:00.

Отар станциясынан жөнелту уақыты — сағат 06:40,
Шу станциясына келу уақыты — сағат 10:03.

Билет құны қанша?

Жолаушыларға жайлы болуына қарай үш қызмет көрсету санаты бар:

1-санат — 2 257 теңге;

2-санат — 2 097 теңге;

3-санат — 1 751 теңге.

Билеттерді Bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассасынан сатып алуға болады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астана мен Талдықорған арасында жаңа пойыз қатынайды.

Наурыз қарсаңызда қосымша үш пойыз іске қосылады.