Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл шара мейрам кезінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді.
Мейрам күндері пойызбен сапар шегетін жолаушылар саны күрт артады. Осыған байланысты, сұранысы жоғары бағыттарда 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындалды. Сонымен қатар қолданыстағы пойыздардың құрамына 230-ға жуық тіркеме вагон қосылып, қосымша орындар саны арттырылады, — делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның хабарламасында.
Қосымша пойыздардың қозғалысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
-
№201/202 Алматы-2 – Астана-1: Алматыдан 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурызда, Астанадан 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурызда. Барлығы — алты рейс.
-
№204/203 Астана Нұрлы жол – Шымкент: Астанадан 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурызда, Шымкенттен 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурызда. Барлығы — сегіз рейс.
-
№205/206 Ақтөбе – Астана Нұрлы жол: Ақтөбеден 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурызда, Астанадан 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурызда. Барлығы — алты рейс.
