Тоқаев Трамптың шақыруымен АҚШ-қа барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Уашиңтонға жұмыс сапарымен барады. Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады, — делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.